Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қыркүйек, 2023

Алматыда 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады

Алматыда 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады, деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жаңбыр күні бойы жауады. Жаңбырдың тоқтаусыз жаууына байланысты таңғы 8-ден бастап 46 патрульдік бригада кезекшілікке шығады.

Су тасқынының алдын алу үшін 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 836 жұмысшы жұмылдырылды. 1825 қап құм дайындалды.

Алматыдағы «Қазгидромет» РМК сіркіреп жаңбыр жауады деп болжайды, ақ таңнан сағат 14:00-ге дейін жел тұрып, екпіні 13 м/с дейін жетеді. Жауын-шашын 23 қыркүйекке қараған түні тоқтайды деген болжам жасады.

Күндіз ауа температурасы +12...+14 градус.

 Жаңбырлы күні жолда абай болыңыз!

Жел күшейген жағдайда бұтақтар сынып, арық қоқысқа толып, бітеліп су тасқыны болуы мүмкін, сол себепті жаяу жүргіншілерден сақ болуды сұраймыз. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауға, шұғыл маневр жасамауға шақырамыз.

Фото: t.me/almaty_akimat

96 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *