- Аймақ тынысы
- 22 Қыркүйек, 2023
Ақтөбеде заңсыз интернет казино халықтан жарты миллиард теңге жинаған

Ақтөбе қаласында онлайн форматта заңсыз интернет-казино ұйымдастырған үш адам тергеуге алынды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ұсталған азаматтар тыйым салынған сайттарға сілтеме мен біржолғы логин және пароль беріп, ойыншылардан банк қосымшасы арқылы ставкалар қабылдаған.
"Алдын-ала есеп бойынша, заңсыз қызметтен түскен қаржы айналымының жалпы сомасы 490 млн теңгені құрады. Ойыншылар саны 800 адамнан асады.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз ойын бизнесіне тарту фактілері тексеріліп жатыр", - дейді агенттік мамандары.
Тінту кезінде заңсыз ойын қызметіне қатысты заттар мен құжаттар, сондай-ақ ақша тәркіленді.

182 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *