- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Қыркүйек, 2023
Шымкент әкімдігінің бірқатар басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлімдеді.
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар ішінде Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылары және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бұрынғы басшысы бар.
Олар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынбаған тұлғаларды жұмысқа қабылдаған.
«Күдіктілер кінәні толық мойындауларына байланысты ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қысқартылған тәртіппен қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - деп жазды Дәурен Ерғарин.

187 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *