- Шартарап
- 22 Қыркүйек, 2023
БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарымен кездесу өтті - СІМ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарымен кездесу өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Бұл бағдарлама жыл сайын БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен әлемнің түрлі елінен жас дипломаттар үшін өткізіледі, олар өздерінің кәсіби мансабын одан әрі қарусыздану тақырыбымен байланыстырады.
БҰҰ стипендиаттарын Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы өзекті бастамалары және ағымдағы басымдықтарымен таныстырылды. Сонымен қатар, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қатысушыларды қазақстандық антиядролық қозғалыстың тарихи аспектілерімен және қарусыздану тақырыбының біздің еліміз үшін маңызды екеніне назар аударды.
Сапар аясында 21-24 қыркүйек аралығында стипендиаттар Курчатов қаласына (Абай облысы) барып, ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметімен танысады, сондай-ақ бұрынғы Семей полигонының аумағына барады.
Бұл бағдарлама жұмысының іске қосылғаннан бері Қазақстанға алтыншы сапары болды. Бұған дейін стипендиаттардың ҚР-ға танысу сапарлары 2013, 2015, 2017, 2019 және 2022 жылдары өткізілген болатын.
507 рет
көрсетілді0
пікір