Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2023

Үкіметте жаңа ЖЭО-ларды іске қосу мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте электр энергетикасы, оның ішінде ЖЭК саласындағы жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері ұлттық энергетикалық желіні дамыту, жаңа энергия объектілерін іске қосу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту және газға көшіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, Көкшетауда ЖЭО және Семейде ЖЭО-3, Қызылорда мен Түркістанда бу-газ қондырғыларын салу, сондай-ақ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Екібастұз ГРЭС-2-ні қайта құру және т. б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің, атап айтқанда гидроэнергетика жобалары талқыланып, шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *