Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қыркүйек, 2023

Сот Төреғали Төреәліге жаза тағайындады

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде билік өкілдеріне тіл тигізді деген айыппен әнші Төреғали Төреәліге (Төреғали Әлиханов) қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот осы жылдың 14 маусымында Майлин көшесінде «Lexus» маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады. Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды әрі бірнеше рет айтқан талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, қарсылық танытқан. Осылайша ол өз қызметтік міндеттерін орындау барысындағы билік өкілдерін қорлады», – делінген сот мәліметінде.

Айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған материалдар арқылы дәлелденді: жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптары, видеожазба және тағы басқасы.

Прокурор Т.Төреәліні кінәлі деп тануды және оған 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер оның заңға сәйкес жазалануын талап етті.

Ал айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот жаза тағайындау кезінде іс бойынша айыпты жеңілдететін (5 кішкентай баласының болуы) және ауырлататын (есірткіге еліткен күйде болуы) мән-жайларды назарға алды. Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылды және оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды», – деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөз

186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *