Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 22 Қыркүйек, 2023

Жоғары білімге қолжетімділікті сақтап қаламыз–Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2037 жылдан бастап мемлекет жоғары білім гранттарын тоқтатыны туралы ақпараттың қате екенін мәлім етті.

«Ол жалған емес, бірақ дұрыс емес ақпарат. Өздеріңізге мәлім, Президент Жолдауында мынандай бір үлкен тапсырма берді. Келесі жылдан бастап «Келешек» деген жүйеге көшу керек. Бұл отбасыларға баласына 5 жастан бастап ақырындап ақша жинауға мүмкіндік береді. Оның үстіне біздің мемлекеттен сыйақы түседі. Бұл – жоғары білімнің қолжетімділігін сақтап қалу үшін жоспарланған шара. 2037 жылдан бастап гранттар тоқтамайды. Бірақ гранттардың саны азаюы мүмкін. Неге десеңіз, ақырындап, бір 15-20 жылда ақша жинақталады. Әр отбасы бір айлық есептік көрсеткіш қазір 3460 теңге десек, соны ай сайын осы шотқа салып тұрса, мемлекет тарапынан оның үстіне тағы сыйақыларды қосады – жинақтаушы, сақтандырушы компаниялардың сыйақысы бар. Бала 17-18 жасқа жеткенде 12,5 млн теңге жиналады. Қазір біз бүкіл есепті пысықтап жатырмыз. Яғни, бала жоғары оқу орнына түскенде семьяда кепілді түрде ақша жиналып қалады. Ал бала грантқа түскенде сол ақшаны баспана алуға жұмсауға болады», - деді министр.

Ведомство басшысы гранттар саны біртіндеп азайғанымен, жоғары білімге мемлекеттік тапсырыс тоқтамайтынын ескертті.

«Бұл бір күнде ғана болмайды. 15-20 жыл бойы ақша жиналғанда гранттардың саны азаюы мүмкін. Грантқа деген мемлекеттік тапсырыс қалады. Бұл –мемлекетіміздің негізгі функциясы. Жоғары білімге қолжетімділікті сақтап қаламыз. Ол жағынан ешқандай өзгеріс болмайды. Бірақ гранттардың саны өзгеруі мүмкін, азаюы мүмкін», - деді Саясат Нұрбек.

Фото: news.myseldon.com

172 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *