- Айна
- 23 Қыркүйек, 2023
23 қыркүйекке арналған күн райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 23 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
ҚР көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады, найзағай мен бұршақ күтіледі, солтүстікте, шығыста қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жауын-шашын, шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) жауады. Антициклонның әсерінен ҚР батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: Досжан Балабекұлы

164 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *