Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Қыркүйек, 2023

Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

"Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды", - деп жазылған хабарламада.

 

Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.

224 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *