Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 23 Қыркүйек, 2023

Күзгі Алматыда әдемі суретке түсуге болатын ғажайып жерді білесіз бе?

Алатауда алтын күздің алғашқы белгілері байқалады. Бұл Алматылықтар үшін ең әдемі суретке түсетін орын. Соның бірі Іле Алатауының інжу-маржаны саналатын Үлкен Алматы көлінің баурайы.

Үлкен Алматы көлі – Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28 шақырым қашықтықта орналасқан Іле Алатауының жотасындағы көл. Теңіз деңгейінен 2497 метр биіктікте орналасқан көлдің сұлулығында сөз жоқ. Көлдің күз мезгіліндегі көрінісі ғажап. Адамның көңіліне ерекше әсер береді. 

Күні кеше ғана Алатауда жауған қар көл айналасындағы биік шыңдар мен орманды белдеуді ақ ұлпаға бөледі. Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары бұл жерге таңмен таласа жетіп алады. Өйткені, көлдің таңғы, күндізгі және кешкі келбетін толық тамашалау керемет әсер сыйлайды. Ендеше біздің редакция тілшісінің фотообъективіне ілінген күзгі Үлкен Алматы көлінің көріністерін тамалап шығыңыздар.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

3430 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз