- Аймақ тынысы
- 25 Қыркүйек, 2023
Прокуратура депутаттар қабылдаған шешімнің күшін жойды
Текелі қаласының прокуратурасы мәслихат депутаттарының жер салығын арттыруға қатысты шешімінің күшін жойды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz қадағалау органының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалалық мәслихат салықтың мөлшерлемесін 20 процентке көтеруге қатысты екі шешім шығарған. Заң бойынша нормативтік-құқықтық шешімдер әділет органдарында тіркелуі шарт. Сонда құжат заңды күшіне енеді.
Ал Текелі қалалық мәслихатының шешімдері әділет органдарында тіркелмеген. Демек заңды күші болмаған. Соған қарастан салық органдары жер салығын жоғары мөлшерлемемен жинап отырған.
"Мәслихат шешімдері 5 мың жер пайдаланушының мүдделерін қозғайды, соның 400-ден астамы – кәсіпкерлер. Прокуратураның бастамасы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары артық төленген соманы салық төлеушілерге қайтару жөнінде шаралар қабылдап жатыр", - дейді прокурорлар.
312 рет
көрсетілді0
пікір