- Безбен
- 25 Қыркүйек, 2023
Бірінші сұрыпты бидай ұнының орташа бағасы - 225 теңге

Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2023 жылғы қаңтар-шілдеде елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна).
Импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі, елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.
Биылғы қаңтар-шілде айларында экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық.
Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды, өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.

337 рет
көрсетілді0
пікір