- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 25 Қыркүйек, 2023
ҰҚК: Қазақстан-Ресей шекарасында өткізу пункттеріндегі кептеліс туралы ақпарат - жалған

Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттеріндегі кептеліс туралы ақпарат - жалған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде автокөлік кептелісі орын алғаны туралы ақпарат таралуда.
Дегенмен, шындығында Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген.
ҰҚК тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырады.

182 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *