- Құмсағат
- 25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Қазақстандық ватерполшылар алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурдан басым түсті.
Қазақстандық ватерполшылар алғашқы кездесуінде Сингапурді 12:6 есебімен тізе бүктірді.
Ел құрамасынан Анастасия Миршина, Мәдина Рахманова, Анна Новикова, Виктория Хританькова, Виктория Каплун, Милена Набиева және Дарья Починок мергендік танытты.
Қазақстандық спортшылар енді бес кездесу өткізеді. Алдымен 27 қыркүйекте Қытаймен кездессе, одан кейін 28 қыркүйекте Оңтүстік Корея, 29 қыркүйекте Таиланд, 30 қыркүйекте Жапония, 1 қазанда Өзбекстанмен шеберлік байқасады.
Фото: ҚазАқпарат

182 рет
көрсетілді1
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Динмухаммед
27 Қыркүйек, 2023Олимпбетте жузушилерге кэфтери резко озгереди екен