- Құмсағат
- 25 Қыркүйек, 2023
Қазақстандық теннисшілер WTA 250 турниріне қатысып жатыр

Қазақстандықтар Юлия Путинцева мен Анна Данилина Нинбо (Қытай) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстанның жекелей сындағы екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 248-орында тұрған аустралиялық Дарья Савиллмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:1, 6:4 есебімен қиналмай ұтты. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, жарыстың 2-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 112-сатыдағы германиялық Анна-Лена Фридзамның біреуімен таласады.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалға шықты.Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-ресейлік жұп алғашқы айналымда нидерландтық Арианне Хартоно – аустралиялық Оливия Тьяндрамулияны жолдан тайдырды – 6:4, 7:5.
А.Данилина мен А.Панованың келесі қарсыластары кейін анықталады.
Фото: Қазақтан теннис федерациясы

363 рет
көрсетілді0
пікір