- Фотогалерея
- 21 Қазан, 2023
Автобусы көп қала
Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис, әрі автобусы ең көп қала болып есептеледі. Ұлттық сататистиканың биылғы дерегінше, жалпы елімізде жолаушыларды 100 701 автобус тасымалдаса, оның 12 654 автобусы Алматы қаласына тиесілі екен.
Тұрғындар жұмыс күндері таңғы және кешкі уақытта автобустардың лық толы болуы, кешігіп келуі сынды шағымдарын әкімдікке жиі айтады. Демек, бұл қалада қоғамдық көліктер санының белгілі бір дәрежеде тапшылығын да көрсетеді.
Демалыс күндері қала көшелерінде автобуспен қатынау өте ыңғайлы. Тиісінше, жолаушылар саны да азаяды. Тек осы күндері қаланың таулы аудандарына қатынайтын бағыттардың ғана жолаушылары көп болады. Әсіресе, Медеу мен Үлкен Алматы шатқалына барушылардың саны артады.
Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында Алматы агломерациясын дамытудың бірыңғай кешенді жоспары әзірленуде. Осының негізінде әлі де қалаға қатынайтын маршурттар саны көбейе түсетін көрінеді.
Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы
5452 рет
көрсетілді0
пікір