- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 31 Қазан, 2023
«АрселорМиттал Теміртауды» мемлекет меншігіне алу рәсімі аяқталуға жақын - Әлихан Смайылов

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан пайдасына беру рәсімі қандай сатыда екенін мәлім етті.
Үкімет басшысы аталмы кәсіпорын шахталарында апаттың жиі болатынын басшылықтың өндіріске бас қатырмайтынымен байланыстырды.
«Мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жылдар бойы қайғылы жағдайларға әкеп соғуда. Компания өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Қазіргі таңда, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын Қазақстанның пайдасына беру рәсімдері аяқталу сатысында. Комиссия апаттың себептерін жан-жақты тексеріп, оған кінәлі адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырады», - деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, ол Қарағанды облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі апатты жоюға күш салу керектігін айтты.
«Ең бастысы – қаза тапқандардың отбасыларына барлық көмекті көрсетіп, зардап шеккендердің денсаулықтарын қалпына келтіру. Осындай қиын жағдайда ешкім де назардан тыс қалмайды», - деді Әлихан Смайылов.
Фото: ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

2637 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *