Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Қараша, 2023

Си Цзиньпин Джо Байденмен кездеседі

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин 15 қарашада Азия-Тынық мұхиты елдерінің экономикалық ынтымақтастығы саммиті (АТЭС) аясында кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жазылған.

“Президент Джо Байден Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен 15 қараша күні Сан-Францискода кездеседі” - делінген хабарламада.

Бұл - АҚШ және Қытай көшбасшыларының екі жылдағы бетпе-бет өтетін алғашқы келіссөздері болмақ.

CNN хабарлауынша, мемлекет басшылары Израильдегі жағдайды және климаттық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

АТЭС саммиті – АТЭС елдері басшыларының жыл сайынғы саммиті.

Биылғы жылы ол 11-17 қараша күндері Сан-Францискода өтеді. Шараның тақырыбы - “Барлығы үшін өміршең және тұрақты болашақ құру”

Фото: ашық дереккөз 

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *