Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қараша, 2023

Исландияда төтенше жағдай жарияланды

Исландияда қатарынан болған бірнеше жерасты дүмпуінен кейін Фаградальсфьядль жанартауының атқылау ықтималдығы күрт артты. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Жергілікті билік жанартаудан 8 шақырым қашықтықта орналасқан Гриндавик қаласының тұрғындарын сақтық шарасы ретінде үйлерін тастап кетуге шақырды.

Елде төтенше жағдай режимі жарияланды.

Соңғы аптада Фаградальсфьядль жанартауы орналасқан аймақта мыңдаған жерасты дүмпуі тіркелді.

Жанартаудың жанында Кеблавик халықаралық әуежайы орналасқан.

Исландияның метеорология басқармасы (IMO) Рейкьянес түбегінде кез келген сәтте жанартаудың ояну қаупі туралы ескертті.

Исландия университетінің вулканология профессоры Тор Тордарсон магма қазіргі уақытта жанартау бетінен 800 метрдей ғана тереңдікте орналасқанын және оның сыртқа төгілуі ақиқат екенін жеткізді.

«Өкінішке қарай, әңгіме жанартаудың таяу уақытта атқылай бастайтынында болып отыр. Аумағы – Гриндавик қаласының айналасы», – деді ол Би-би-си-ге.

Фото: ашық дереккөз

955 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз