Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 16 Қараша, 2023

Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының басқару жөніндегі кеңесін таратты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық еткен "Самұрық-Қазына" басқару жөніндегі кеңесін таратты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында 6-1-бап ("Қорды басқару жөніндегі кеңес") алынып тасталсын", - делінген қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстан Республикасының президенті қорды басқару жөніндегі кеңесті тарату мәселесіне қатысты қор туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Айта кетейік, қорды басқару жөніндегі кеңес – міндетіне қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіретін консультативтік-кеңесші орган.

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *