- Құмсағат
- 18 Қараша, 2023
Мейірім Нұрсұлтанов чилилік боксшыны жеңді

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
«Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу мезгілінен бұрын аяқталмай, белгіленген уақыт бойынша өтті. Нәтижесінде, Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды. Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Хулио Аламос екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы.

270 рет
көрсетілді5
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Жаскайрат
20 Қараша, 2023Ген сияқты мықты бір боксер болармекен?)
Хан
20 Қараша, 2023Болады ғой әрине, счет көрдің ба?
Жаскайрат
20 Қараша, 2023Иә соған қарап айтып отырмын, кезінде Генаға олимпбет арқылы ақша салып талай көтеріп едім
Хан
20 Қараша, 2023Айтпа менде каждый раз соған тыға беретін едім
Жаскайрат
20 Қараша, 2023Жақсы алда көреміз ғой, бұл жігітке де қойса болады негізі)