Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Қараша, 2023

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне қандай міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады деп хабарлайды Kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді.

Айдарбек Сапаров:

  • Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бекітілген міндеттердің орындалуы туралы баяндады;
  • аталған саланы одан әрі жетілдіруге қатысты жоспар таныстырды;
  • жиын-терін науқанының қорытындысы, биыл отандық шаруалардың қиын жағдайда жұмыс істегені және Үкімет қабылдаған қолдау шаралары жайында айтты.

Кездесу соңында Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, соның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есе арттыру жөнінде міндет жүктеді.

Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс алқаптарын әртараптандыруға және ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға бағытталған құрылымдық және институционалдық реформалар жүргізу қажет.

Фото: t.me/aqorda_resmi

167 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *