Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2023

Ішкі көші-қон: Қазақстандықтар қай өңірге жиі қоныс аударады?

Елімізде 2009 жылмен салыстырғанда ішкі көші-қон ағыны өскені белгілі болды деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Бұл туралы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықтың көші-қоны, неке және отбасы, сондай-ақ үй шаруашылықтары бойынша  Ұлттық статистика бюросы шығарған кезекті жинақтарда анықталды.

Деректерге сүйенсек, ішкі көші-қон көлемі 2009 жылы 2,3 млн адамнан 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды. Қазақстандықтар Алматы қаласына (357,9 мың адам), Алматы облысына (286,1 мың адам) және Астана қаласына (283,5 мың адам) көп қоныс аударған.

Қызылорда және Атырау облыстарына халықтың ең аз саны – тиісінше 72,9 мың және 72,5 мың адам көшіп барған.

Бұл ретте, өз елдімекенінен көшіп кетушілердің ең аз саны Маңғыстау облысында (71,8 мың адам), ал керісінше тұрғындары көп көшіп кеткендер саны бойынша Алматы облысы көш басында – 307,8 мың адам.

Айта кетейік, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бойынша деректер санақ өткен уақытқа, яғни олар бөлінгенге дейін берілген. Бұл ретте жаңадан құрылған облыстардағы халық саны санақ деректерін ескере отырып қайта есептелген және stat.gov.kz сайтында жарияланған.

 

293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз