Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қараша, 2023

Елімізде үйленген, ажырасқан және отбасы құрмаған қанша адам бар?

Елімізде некеде тұрған ерлер мен әйелдердің саны 2009 жылы 6,6 миллионнан 2021 жылы 8,2 миллионға дейін өсті деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Бұл туралы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықтың көші-қоны, неке және отбасы, сондай-ақ үй шаруашылықтары бойынша  Ұлттық статистика бюросы шығарған кезекті жинақтарда анықталды.

Онда аймақтар, жыныс және жас құрамы бөлінісіндегі көрсеткіштерді, сондай-ақ соңғы екі санақ арасындағы динамикалық өзгерістерді көруге болады. Жинақтар stat.gov.kz сайтының «Ұлттық санақтар» – «Санақ 2021» бөлімінде орналастырылған.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың 60,9% некеде болған, осылайша некеде тұрған азаматтардың саны 8,2 млн адамды құрады.

Оның ішінде 9% – қайта неке құрғандар. 

Жалпы халықтың 28% – ешқашан үйленбеген, 5,3% – жесір, ал қалған 5,8% – ажырасқандар. 

 

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз