- Айна
- 20 Қараша, 2023
Бишімбаев ісі: "Гастроорталық" директоры экс-министрдің туысы болып шықты

Астанадағы мейрамханада көз жұмған Салтанат Нүкеноваға тағайындалған сот-медициналық сараптаманың нәтижесі көпшілікке жарияланады деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов мәлімдеді.
«Күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Бұл іс бойынша екінші күдікті – Астанадағы «Гастро-орталық» директоры. Олар бір-біріне туыс адамдар», – деді Өтегенов елордада кәсіпкерлер мәселесін талқылауға арналған жиыннан соң тілшілер сұрағына жауап беріп.
Қала прокуроры қайғылы оқиға болған орталықта бейнекамера жазбалары қалпына келтірілгенін растады.
«Салтанат Нүкенованың нақты не себептен қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар 1 ай шамасында іске асырылады. Содан кейін сараптама нәтижесін жариялаймыз», – деді Ерлан Өтегенов.
Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты деген күдікпен ұсталған болатын.
Жас келіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмғаны белгілі болды.

218 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *