- Айна
- 20 Қараша, 2023
Елордада болған дауылдың салдарын жою жұмыстары жүруде

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бірер күн бұрын елордада болған дауылдың салдарын жою жұмыстарына қатысты айтты.
«Дауыл соққан күні көшеде жүрген едім. Жел қатты соғып тұрды. Мектептен баланы алып кетуге барғанда, жаяу адамдарды жел ұшырып әкететіндей болды», – деді Ж. Қасымбек елорда кәсіпкерлерімен кездесуден кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда әкім дауыл салдарын жою ерекше бақылауда екенін айтты.
«Дауылдан кейін бізде соншалықты үлкен шығындар болмады. Қатты желдің салдарынан №79 мектеп-лицейінің қасбетінің бір бөлігі опырылып түсті. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және осы аптада аяқталады. Мектептердің бірінде спорт алаңының қоршауы құлап, ол да қалпына келтірілді. Балалар мектебінде де қоршауы құлаған болатын. Ал бір жерде ағаш жылу беру желісіне түскен. Қазір бұл инфрақұрылым қалпына келтірілді. Қабырғасы шыныдан жасалған аялдамаларға қатысты мәселе болды. Қазір жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, бір апта ішінде толық қалпына келтіріледі деп ойлаймын», – деді Жеңіс Қасымбек.
Фото: Астана әкімдігі

279 рет
көрсетілді0
пікір