Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Қараша, 2023

Қазақстанда локомотивтердің 52%-ы тозған

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев локомотив пен жүк көліктерін сатып алу жұмыстары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта, локомотив паркінің жалпы саны – 1 880 және тозу деңгейі – 52%.

«Қажетті локомотивтер санын қамтамасыз ету мен тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 локомотив сатып алынды. Локомотивтердің негізгі өндірушілері – отандық Локомотив және Электровоз құрастыру зауыттары. Тағы қосымша локомотив сатып алу мәселесі пысықталуда», - деді М. Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Осылайша 2025 жылға дейін 568 локомотив сатып алу жоспарлануда, бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты толық жояды.

«Оған қоса, елімізде 135 мың жүк вагондары бар. Нарықта 300-ден аса оператор жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстан темір жолына 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған. 2025 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр. Оның 275-і биыл пайдалануға берілді”, - деп түсіндірді министр.

Бұған дейін Марат Қарабаев шекарадағы теміржол инфрақұрылымының жай-күйі туралы айтып берген еді.

Фото: ашық дереккөз

131 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *