Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 21 Қараша, 2023

Қазақстанда смартфон арқылы алатын қызметтердің саны 6 есе өсті

Елімізде қызметтерді смартфон арқылы алу көлемі артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Жалпы, қызметтердің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр. Былтырмен салыстырсақ, тек смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есе өскен. Kaspi, Halyk сияқты танымал қосымшаларда 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Олардың саны 33 млн-ға жетіп, 3 есе артты. Біз проактивті қызметтерді де дамытып жатырмыз. Проактивті дегеніміз не? Ол - азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Оның түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты», - деді министр.

Оның атап өтуінше, биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электронды қызмет алу одан сайын жеңілдетіліп жатыр.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүние жүзінде 8-ші орында тұр. Әрине, біз бұнымен қанағаттанып қалмаймыз. Жұмысты одан әрі жетілдіре береміз», - деді Бағдат Мусин.

Фото: ашық дереккөз

133 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *