Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Қараша, 2023

Әлихан Смайылов мемқызметтерді автоматтандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

Проактивті түрде көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту үшін әрбір өмірлік жағдай бойынша жол картасын бекіту керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Цифрлық даму министрлігі бірқатар жұмыс атқаруы қажет. Біріншіден, мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін электронды түрде болады деп мәлімделген мемлекеттік қызметтердің қалған түрлерін автоматтандыруға тиіс. Екіншіден, проактивті қызметтер тізбесін жүйелі түрде кеңейтіп тұруы қажет. Бұл үшін әрбір өмірлік жағдай бойынша жол картасын бекіту керек», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр әрбір мемлекеттік қызметтің нақты жай-күйін тұрақты тексеріп тұру қажеттігін айтты.

«Оның оңай алынуына, деректердің дұрыстығына және олардың қауіпсіз сақталуына ерекше назар аудару керек. Жалпы, халықтан сұралатын құжаттардың тізбесін оңтайландыру қажет. Бизнес пен азаматтарға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға сапалы және уақытылы қызмет көрсетуге басымдық берілуі тиіс», - деді Әлихан Смайылов.

 

177 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *