- Безбен
- 21 Қараша, 2023
Ауыл тұрғындарының цифрлық сервистерді қолдануы артып келеді- Бағдат Мусин

Е-Otinish платформасы «жасырын» қызметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
«Е-Otinish платформасы «жасырын» қызметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Тек биылдың өзінде 200 жасырын қызмет анықталып, оларды мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізіп жатырмыз», - деді министр.
Сонымен қатар ол шалғай ауылда тұратын халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету де маңызды мәселердің бірі екендігіне тоқталды.
«Жалпы, ауыл тұрғындарының цифрлық сервистерді қолдануы жыл сайын өсіп келеді. Дегенмен, проблемалар бар. Сондықтан ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін біз Қазпоштамен бірге 200 ауылда жергілікті бөлімшелер арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуді қолға алдық. Бүкіл ауылдарды осындай қызметпен қамту үшін Самрұқ-Қазына және Қазпошта компаниялары ауылдық пошта бөлімшелерін жөндеп, жағдай жасаса деген өтініш бар», - деді Бағдат Мусин.
Фото: ашық дереккөз

345 рет
көрсетілді0
пікір