Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қараша, 2023

Қарағанды облысында тергеу басқармасының экс-басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Қарағанды облысында полиция департаменті тергеу басқармасының экс-басшысы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экс-басшы мен тергеуші өз лауазымын асыра пайдаланып, майнингке арналған жабдықтарды ұрлаған. Қазіргі күні Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Ұрлық" және 361-бабы 4-бөлігі "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" бойынша тергеу басталды.

"Қарағанды облыстық прокуратурасының келісімімен бұрын жұмыстан шығарылған полиция департаменті тергеу басқармасының экс-басшысы мен осы бөлімшенің тергеушісі күдікке ілінді", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Қазіргі уақытта экс-басшының қайда жүргені белгісіз. Полицияға өзі келмеген жағдайда іздеу жарияланады.

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз