- Құмсағат
- 28 Қараша, 2023
«Барыс» елордада «Витязь» командасына есе жіберді
![](/media/2023/11/28/35426665ff2a066c11e139cecbc3101f_xl.jpg)
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді. Бұл туралы Қазақ газеттері ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Екі команда да биылғы турнирді өте сәтсіз өткізіп келеді. Елордалық команда 22-орында тұрса, «Витязь» 21-орынға орналасқан.
Жанкүйерлер бүгінгі кездесуде қазақстандық команда жеңіске жетеді деген үмітте болған еді. Алғашқы минуттарда «Барыстың» басымдығы байқалды.
Нәтижесінде 1-минутта Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды.
Одан ресейлік команда қатарынан бес шайба соғып кетті. Бұл голдарды Иван Савчик 3, Дерек Барак 10, Александр Дарьин 26, Скотт Уилсон 46, Александр Яремчук 47-минутта өздерінің еншісіне жазды.
Ойынның 58-минутында қазақстандық Аркадий Шестаков қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен есе жіберді.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 30 қарашада елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.
Фото: ашық дереккөз
![](/media/2020/09/13/logotip-latinitsa-qaz-gazeta.png)
597 рет
көрсетілді0
пікір