Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Қараша, 2023

Шымкент әуежайы қазақстандық инвесторға берілетін болды

Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент әуежайы неліктен сауда-саттықтан алынғанын түсіндірді деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

Бүгін бұл әуежайдың 2026 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарына енгізілмейтіні белгілі болды.

«Шымкент әуежайы инвесторды тарту үшін сауда-саттықтан алынып тасталды. Яғни, жекешелендіруге емес, нақты инвесторға беріледі», – деп түсіндірді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Көлік министрі Шымкент әуежайының жанында Scat компаниялар тобы кешенінің құрылысы жүріп жатқанын айтты.

«Біз қазір әуежайды белгілі бір отандық инвесторға беру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сонда бәрі бір кешенде болады», – деп толықтырды Марат Қарабаев.

240 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз