Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Қараша, 2023

Елімізде коперативтердің саны мыңға да жетпейді

Елімізде 300 мыңға жуық шағын шаруа қожалық бар, бірақ коперативтердің саны мыңға да жетпейді. Бұл туралы сенат комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Тіркелген ұжымшарлардың көбі жұмысын тоқтатқан, салық төлемейді. Министрлік жұмысына көңілі толмаған депутаттар "майда шаруа қожалықтарын біріктіретін кез келді" дейді. Сол арқылы ауылдықтар қосымша субсидия мен мемлекеттік көмекті молынан ала алады. Бірақ, шаруалар бірігуге құлықсыз. Сенаторлардың пайымынша, бұған ақпараттық жұмыстың аздығы себеп.
- Кооперацияларды құруға байланысты біраз кемшіліктер бар. Салық кодексіне, жер кодексіне байланысты мәселелер бар. Заңның өзінде де қазіргі талапқа сай келмейтін тармақтары бар. Оның бәрін айттық. Өйткені заңның өзі 2015 жылдары қабылданған. Оған өзгеріс енгізу керек, - дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Сәкен Арубаев.

228 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз