- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 29 Қараша, 2023
Астанадағы жаңа көпір көлік кептелісін азайта ма?
Елорда тұрғындары Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір арқылы жиі қатынайды. Бұл көпір көшелердегі кептелісті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала даңғылындағы көпір тиісінше 15%-ға дейін азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа көпірдің арқасында Мәңгілік ел даңғылының Ұлы Дала даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесі аралығында көлік нөпірі тәулігіне орта есеппен 19%-ға азайғаны байқалады. Сондай-ақ, таңертеңгі қарбалас сағаттарда 14%-ға, ал кешкі қарбалас уақытта 5,5%-ға төмендеуі байқалады.
Мәңгілік ел даңғылының бойында Керей Жәнібек хандар көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде (солтүстік бағытта) кептеліс кешкі уақытта 11,8%-ға, оңтүстік бағытта 8,2%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі уақытта 21,2%-ға төмендеуі байқалады (оңтүстік бағытта).
Сондай-ақ, көпірдің Түркістан көшесіндегі көлік кептелісіне де оң әсерін ерекше атап өтуге болады. Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесі аралығындағы Түркістан көшесінде қарқындылықтың тәулігіне төмендеуі солтүстік бағытта – 12,5%. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі қарбалас уақытта 21%-ға, кешкі уақытта-17%-ға төмендеуі байқалады.
Деректерді «Sergek ITS» талдау, мониторинг және көліктік болжау бойынша Интеллектуалды көлік жүйесі арқылы мамандар дайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік көпірі Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сол сияқты өзге көшелердегі кептелісті едәуір сейілтуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Көпір сегіз жолақты – екі бағытта төрт жолақтан. Көпірдің шет жақтарында жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Ал көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.
234 рет
көрсетілді0
пікір