Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2023

Павлодар облысында желтоқсан айы жылдағыдан жылы болады

Желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын болады. Мұндай деректі Қазгидромет ұсынды.

«Павлодар облысында ауаның орташа айлық температурасы -8,6-12,4°С болады. Бұл нормадан 1-2 градусқа (норма: -10,3-14,4°С) жоғары. Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде -21-26°С-тан -5-10°С-қа, облыстың солтүстігінде 15°С-қа дейін, күндіз -15-20°С-тан 0,-5°С-қа, облыстың оңтүстік-шығысында -10°С-тан +3°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -15-20°С-қа, облыстың оңтүстік-шығысында -10°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-қа төмендеуі мүмкін», - деді Қазгидрометтен.

Мекеме мәліметінше, екінші онкүндікте ауа температурасы түнде -15-20°С-тан, облыстың оңтүстік-шығысында -10°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -10-15°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-қа дейін төмендеуі болжанады. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -10-15°С-тан -20-25°С-қа дейін, облыстың оңтүстігінде -15°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан -10-15°С-қа, облыстың оңтүстігінде -5°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Содан кейін ауа температурасы түнде -8-13°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін жоғарылауы мүмкін. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -13-18°С-қа, облыстың солтүстігінде -5°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-қа дейін төмендеуі күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында (норма: 15-23 мм) болжанады. Қар, бұрқасын, екпіні секундына 5-20 метрге жететін жел бір ай бойы жиі болуы ықтимал. Ал көктайғақ бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің ортасында болжанады.

Фото: ашық дереккөз

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз