- Аймақ тынысы
- 01 Желтоқсан, 2023
Ұлытау облысында ауруханадан бюджет қаражаты жымқырылған
Ұлытау облысында бюджет қаражатын ұрлаған аурухана бухгалтерлері сотталды, деп хабарлайды Kazgazeta.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтады.
"Осы медициналық мекеменің Б. және T. есімді бухгалтерлері 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға 5,1 млн теңгені заңсыз аударған. Жымқырылған қаражатты бухгалтерлер өз қажетіне жаратқан", - делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерлер кінәлі деп танылып, 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне енді.
Қазір мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
321 рет
көрсетілді0
пікір