- Айна
- 01 Желтоқсан, 2023
Қонаевтағы ойынханалар жабыла ма: Облыс әкімі жауап берді
Өткен жылы Қонаев қаласындағы ойын бизнес субъектілері шамамен 90 млрд теңге салық төледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
«Бүгінде облыста 5 ойынхана және ойын бизнесінің өзге де субъектілері жұмыс істеп тұр. Егер ойын бизнесі төңірегінде айтар болсақ, ол жақта жұмыспен қамтылғандардың саны 7,5 мың адамға жуықтайды. 64 мыңадам тұратын қала үшін бұл өте үлкен үлес саналады. Өткен жылы ойын бизнесі субъектілері 90 млрд теңгеге жуық салық төледі», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Марат Сұлтанғазиев еліміздегі лудомания проблемасына тоқтала келе, ойынхана ережесі қатаң екендігіне назар аудартты. Оның атап өтуінше, ойынханаға кіру үшін қомақты қаражат қажет. Мұнан бөлек, белгілі бір тұлғаға қатысты оның туған-туыстары тарапынан немесе құқық қорғау органдарынан өтінім түскен жағдайда олар ойынханаға кірігізілмейді.
«Мұндай да шектеу бар. Мобильді интернет арқылы таралатын онлайн ойынханамен және лудоманиямен барынша күрескен жөн болар», - деді облыс басшысы.
283 рет
көрсетілді0
пікір