- Құмсағат
- 01 Желтоқсан, 2023
Жас теннисшілер «Үлкен дулыға» турниріне жолдама алды
Теннисшілер Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында өтетін «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатына қатысады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы мен Айя Нұпбай Австралия чемпионатының іріктеу турнирінде бақ сынайды.
«Үлкен дулыға» турнирі келесі жылдың 20-27 қаңтар аралығында өтеді.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов – 16 жаста. Жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 55-орында тұр. Ол ITF Juniors санатында өткен жарыстарда жекелей және жұптық сында бес реттен жеңімпаз атанды.
Алматы теннис мектебінің түлегі, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова рейтингте 68-сатыда келеді. Ол ITF Juniors додаларында жекелей сында бір рет чемпион болды. Оның жұптық сында 13 титулы бар.
540 рет
көрсетілді0
пікір