Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Желтоқсан, 2023

Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу барысы қаралды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа академиялық басылымның редакция алқасы мүшелерімен кездесу өткізді. Жиында көптомдықты әзірлеу барысы қаралды. Бұл туралы Қазақ газеттері Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Академиялық басылымның әр томының жетекшілері – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөнідегі республикалық ақпараттық орталықтың директоры Меруерт Әбусейітова, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған Мемлекеттік кеңесшіні жалпыәлемдік үдерістер аясында Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері қалай жазылып жатқанынан хабардар етті.  

Кездесу қорытындысы бойынша, Ерлан Қарин ғылыми іссапар барысында шетел архивтерінен табылған төл тарихымызға қатысты жаңа мұрағат құжаттары және соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулердің қорытындылары осы іргелі ғылыми еңбекке енуге тиіс деп атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші сапалы басылым әзірлеу үшін ғалымдардың бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарауы, авторлар мен редакторлардың тынымсыз еңбек етуі өте маңызды екенін айтты. 

Фото: akorda.kz

387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз