- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Қаңтар, 2024
Еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады
14 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Алматыда ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
260 рет
көрсетілді0
пікір