- Безбен
- 20 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Канвонда алтын медаль алған спортшыны жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.
«Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі» - деп жазды Берік Уәли.
577 рет
көрсетілді0
пікір