Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қаңтар, 2024

22 жасар қазақстандық күдікті Стамбулдан Алматыға депортацияланды

Халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті 22 жасар қазақстандық азамат Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланды – деп жазады Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.

Тергеу материалдарына сәйкес көрсетілген Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулытоптардың біріне кірген.

Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 
257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істітергеп-тексеріп жатыр.

Ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

1029 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз