- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 05 Ақпан, 2024
Үкімет отставкаға кетті
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", - делінген Қаулыда.
Фото: ашық дереккөз
909 рет
көрсетілді0
пікір