- Айна
- 12 Ақпан, 2024
Бүгін 3 қалада ауа ластанады
Қазгидромет Астана мен тағы екі қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz.
"2024 жылғы 12 ақпанда Жезқазған, Астана және Атырауқалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
255 рет
көрсетілді0
пікір