Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Ақпан, 2024

Алматыда биыл екі жаңа жолайырық салынады

2024 жылы қаланы дамыту аясында екі жолайырықтың құрылысын аяқтап, екі көшені ұзарту көзделген. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші жолайырық Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында. Мұнда жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі туннель және 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар мен көгалдандыру қарастырылған.

«Жоңышқа жапырағы» типтес екінші жолайырық Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысында, онда тротуарлар мен 2,3 км веложол болады.

Бұған қоса, жыл соңына дейін Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін (3,2 км) және Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін (5,3 км) ұзарту жоспарланған.

Қазір Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін (2,3 км) ұзарту қолға алынған, ал келесі жылы Тілендиев көшесі

Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін (10,5 км) ұзартылады. Сонымен қатар, Солтүстік айналма көшесін қала шекарасына дейін (1,2 км) ұзартуды бастау жоспарланып отыр.

Фото: Алматы әкімдігі

254 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз