- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Ақпан, 2024
Ұлытау облысында лауазымды шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
228 рет
көрсетілді0
пікір