Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Ақпан, 2024

Бірқатар ғылыми-зерттеу ұйымдары Консорциумға біріктірілді

Астанада Қазақстан Республикасындағы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумының бірінші отырысы өтті, - деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Консорциум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қоластында жұмыс істейтін болады. Оның құрамына
12 ғылыми ұйым кіреді, олардың ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ және т.б.

Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ысқақова Жұлдызай аталған саладағы мемлекеттік саясат ғылыми және талдамалық сүйемелдеуді күшейтуді талап ететінін атап өтті.

«Ұлттық Құрылтайдың Екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясатты сапалы талдамалық қолдауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Дәл осы мақсатта Ұлттық комиссияның жанынан Консорциум құрылды.

Бүгінгі таңда елімізде отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласында көптеген түрлі зерттеулер жүргізілуде. Алайда олардың көпшілігі жарияланбайды және оларға қол жетімділік жоқ. Бұл бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелендіру және үйлестіру қажет,» - деді Ысқақова Жұлдызай.

Кездесуге қатысушылар Консорциум аясында күш біріктіруге дайын екендіктерін жеткізді және 2024 жылға арналған қызметтің негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасты.

Қорытындылай келе, Консорциумға қатысушы ұйымдардың бірінің бірыңғай платформасында, сайтында зерттеулерді жүйелендіру, сондай-ақ осы саладағы кадрларды даярлау бойынша мәселені пысықтау тапсырылды.

Сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясат, демография саласындағы зерттеулер үшін Ұлттық комиссияның арнайы сыйлығын құру туралы ұсыныс айтылды.

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз