Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Ақпан, 2024

Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Болжамды комиссиялардың қорытындыларымен  Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық  директоры Дәулет Сәрсенбаев бөлісті.

ӨКҚ спикері атап өткендей, сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия ғылыми орталықтың сейсмологиялық деректерін бақылау материалдарын талдауды жүзеге асырады және осы материалдарды жауапты мемлекеттік органдарға ұсынады.

«Біздің мамандардың қорытындысы бойынша,  бірнеше ғылыми бағыттардың деректері бойынша, жер қыртысындағы «жойқын» 200 - ге жуық процестерді зерттей отыра және Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында 5.5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі болады деп күтілмейді», - деді Д.Сәрсенбаев.

Комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді. Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия жыл сайын Алматының сейсмикалық қауіпті өңіріндегі өткен жылғы бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық ахуалды бағалайды. 

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз