Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Ақпан, 2024

Айтуар Қошмамбетов Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркеу туралы қаулы қабылданды. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 хаттамадан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті: 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілсін.

2. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», - делінген құжатта.

Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады.

Нұрлан Әбдіров Айтуар Асқарұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз